Рус / Каз

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы «13» қыркүйектегі
№ 232 қаулысымен
бекітілді
 
«Аралағаш  ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
 
2013 жыл
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару қызметтерін  атқаруға уәкілетті аудандық бюджет есебінен ұсталатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдары, аумақтық органдары, мемлекеттік мекемелері жоқ.
3. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаңа сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Әкім заңнамамен бекітілген тәртіпте өз құзыреті мәселелері бойынша шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған өзге де актілер қабылдайды.
8. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 150308, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы,  Аралағаш  ауылы.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима Аралагашского  сельского округа».
11. Осы Ереже «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен (одан әрі құрыптайшысы) және уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі болып табылады.
 13. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының жергілікті бюджеті есебінен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған түсімдер қаражатынан   жүзеге асырылады.
14. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне келісім-шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер  «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
2. Мемлекеттік мекеменің мақсаты (миссиясы), қызмет мәні (міндеттері), функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
         15. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты (миссиясы):
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 38 бабының 1 тармағына сәйкес ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және                             материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
16. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызмет мәні (міндеттері):
1)  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы                              23 қаңтардағы № 148  Заңы  38  бабының 1  тармағы негізінде ауылдық округ әкімінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
2)  Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы                        1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;
3) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы                                   № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағының  5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің қаулыларын, шешімдерін және өкімдерін орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4) «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы  № 213 Заңына сәйкес ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы                                          № 221 Заңына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағының   2) тармақшасына  сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
          6) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы                               № 95-4 IV Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағының                               4-1) тармақшасына сәйкес «Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі  әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
7) «Мобилизациялық дайындық және мобилизация туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы 9 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы                        № 148  Заңының 35 бабы 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес  әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу,  ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде  әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы                             14 шілдедегі № 155 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағының                          10) тармақшасына сәйкес нотариалды қызметтер жасау;
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
                10) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы 2001 жылғы                     23 қаңтардағы № 148 Заңы 35 бабының  1 тармағының 16) тармақшасы негізінде шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
11) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы                       23 қаңтардағы № 148  Заңы 35 бабының  1 тармағының 18) тармақшасы негізінде ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
12) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы                       10 шілдедегі № 339  Заңының 10-1 бабы негізінде ауылдық  округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық  алдын алу іс-шараларын өткізу;
13) «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы              20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;
14) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы                          28 қаңтардағы № 401-IV Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
ауылдық  округ аумағындағы маңызды  мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы негізінде жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді.
17. Функциялары:
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық функцияларды атқару үшін құрылды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, және осы Ережеге сәйкес  өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
          Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен және ұйымдармен ауылдық округ әкімі аппаратына қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы                  27 қарашадағы № 107 Заңына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы                  № 221 Заңы негізінде ауылдық округ әкімінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрау және алу; 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы негізінде ауылдық округ әкімі және әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудан мәслихатының,  аудандық консультативтік-кеңес органдардың  отырыстарына қатысу.
 
3. Мемлекеттік мекеме  қызметін ұйымдастыр
 
       19. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты атқаратын әкіммен жүзеге асырылады.
20. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасы Президентімен анықталған қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын тәртіпте  әкім басқарады.
21. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте:
1) «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымармен және азаматтармен өзара қатынастарда сенімхатсыз әрекет етеді;
 2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады;
 3) салықты және өзге де бюджетке міндетті төлемдерді жинауға қолдау көрсетеді;
 4) жоғары тұрған әкімдікке сәйкесті мәслихаттың бекітуі үшін әкім аппаратының әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
 5) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына қолдау көрсетеді;
 6) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
 7) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын-үй қорының сақталуын және  ауылдық округтегі автомобиль жолдарының құрылысын, қайта құрылуын, жөнделуін және күтілуін қамтамасыз етеді;
8) шаруа (фермерлік) қожалықтарының құрылуына, кәсіпкерлік қызметтің дамуына көмек көрсетеді;
9) өз құзыреті шегінде әскери міндетті тұлғаларды, әскери міндет және  әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте нотариалды әрекет жасауды ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраның сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
12) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттады және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасайды;
13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
14) қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
15) жедел медициналық көмек қажет болған жағдайда науқастарды ең жақын дәрігерлік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
16) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекет жасайды;
17) статистикалық шаруашылық есепке алуды жүзеге асырады;
18) жергілікті бюджетті бекіткенде (нақтылағанда) аудан мәслихатының сессиясына қатысады;
19) ауылдық округ аумағында орналасқан  мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
        20) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен қамтуды ұйымдастырады және суды пайдалану мәселелерін реттейді;
       21) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
       22) туыстары жоқ қайтыс болғандарды жерлеуді және зираттар мен жерлеу орындарын күту бойынша қоғамдық жұмыстарды   ұйымдастырады;
        23) аудан әкімдігіне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру және оқушыларды оқу мекемесіне ақысыз жеткізу бойынша ұсыныстар жасайды;
      24) елді мекен жерлерінде мал бағу орындарын анықтайды;
      25) аудан әкімдігіне малдардың бюджеттік қаржы есебінен алдын-алуға және диагностикалауға болатын энзоотикалық ауруларының тізімі    бойынша ұсыныстар жасайды;
      26) ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша шараларды ұйымдастырады және   ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру базасын жүргізеді;
      27) округ аумағында малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік  ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантиндік режимнің және шектеу шараларының енгізілуі мен карантиндік аумақтың ветеринарлық режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
      28) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік беру туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
      29) сыбайластық  жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жеқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін жеке жауап береді;
      30) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
      31) Қазақстан Республикасы аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізеді;
     32) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
      33) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
      34) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
      35) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      36) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
       37) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
     38) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
     39) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
     40) кіріс көздерін қалыптастырады;
     41) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
     42) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
     43) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
    44) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
     45) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      46) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      47) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мұгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      48) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      49) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      50) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      51) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      52) ауыл,, кент, ауылдық округ аумағында жасалған әкімшілік құқық-бұзушылықтар туралы істердіқарастырады және «Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы » 2001 жылғы 30 қантардығы Қазақстан Республикасының Кодексімен ескерілген бұзушылықтарға әкімшілік жазалау салады
      53) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Ауылдық округ әкімінің қызмет аясына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін. 
Әкім Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және оны орындау үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін  нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер қабылдайды.
Әкімнің өз құзыреті шегінде қабылданған актілері ауылдық округтің   барлық аумағында міндетті күшке ие болады.
22. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі жоқ болған уақытта оның өкілетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындау әкімнің міндетін атқара алатын тұлға жүзеге асырады. 
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері,  ауылдық округ әкімі заңнамамен бекітілген тәртіпте қызметке қабылдайтын және қызметтен бастататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілер.  
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штаттық санын және штаттық кестесін құрылтайшы – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы  әкімдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде, бекітеді. 
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының  әкімі бекітеді.
Зейнет жасына жеткен «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік қызмет және зейнет ақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнасымен сәйкес жүзеге асырылады.
 
4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
 
23. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
                «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі құрылтайшы тапсырған мүлік есебінен және  негізгі қорлардан, айналымдағы қаржыдан, құны «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүліктен   құралады.
24. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Мемлекеттік мекемені  қайта ұйымдастыру және тарату
 
          26. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің тоқталуы қайта құрылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, жаңадан құрылуы) және жойылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілуі мүмкін
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің қайтадан құрылуы бірігу, қосылу, бөліну, жанадап құрылу арқалы жүргізілуі мүмкін.
27. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкін бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
                28. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
6. Мемлекеттік мекеме жұмысының тәртібі мен қарым-қатынасы
 
      29. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Құрылтайшысы және уәкілетті орган арасындағы                                 қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады және реттеледі.
                30. «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі «Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.
«Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ филиалдары мен өкілеттіктері жоқ.
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

 
Сопровождение
Galaweb